Елдің банк секторындағы 2023 жыл жеке тұлғалардың депозиттерінің айтарлықтай өсуімен есте қалады. Нәтижесінде 2023 жылдың желтоқсанында жеке тұлғалардың ел банктеріндегі депозиттері 1,9 трлн теңгеге немесе жыл басынан 11,5% өсіп, 18,9 трлн теңгеге жетті.

Kaspi Bank жеке салымдардың өсімі бойынша көшбасшы болды: жыл басынан бері осы қаржы институтындағы халықтың депозиті 961 млрд теңгеге немесе 26% өсті. Мұндағы жеке тұлғалардың салымдарының жалпы сомасы 4,7 трлн теңгеге жетті.

Bereke Bank жеке тұлғалардың депозитіінің өсімі бойынша екінші орынды иеленді: 173 млрд теңгеге немесе жыл басынан 84,2% көбейген. Үздік үштікті Еуразиялық Банк түйіндеп отыр, тұрғындардың салымдарының көлемі 148 млрд теңгеге немесе 17,3% өсті.

Бес банкте жеке тұлғалардың салымдарының көлемі қысқаруда. Олардың қатарында Ситибанк Қазақстан, Заман-Банк ислам банкі, Bank RBK, Шинхан Банк Қазақстан, Altyn Bank бар.

Жылдық мәнде ҚР ЕДБ-дегі халық депозитінің жалпы сомасы 20,2%, ал бес жылдық кезеңде екі еседен астамға өсті.