Биыл қыркүйекте амбулаторлық қызмет бір айда 0,8%, бір жылда 15,4%- қымбаттады.

Ай сайынғы динамика бойынша медициналық зертханалар мен рентген кабинеттері қызметі 1,5%, амбулаториядағы дәрігер маман қызметі — 1,4%, дәрігердің алғашқы қабылдауына жазылу — 1,1%, стоматологиялық қызмет — 0,4% қымбаттады.

Жылдық динамика бойынша дәрігердің алғашқы қабылдауына жазылу қызметі 23,8%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметі — 14,4%, амбулаториядағы дәрігер маман қызметі — 14,2%, стоматологиялық қызмет 13,2 % қымбаттады.

 

Өңірлер бойынша амбулаториялық қызметтер ең қатты қымбаттаған өңір Шығыс Қазақстан облысы: бір айда 3,8%. Одан кейін Қарағанды және Қостанай облыстары: әр облыста 3,1%. Ең аз айлық өсім Абай облысында байқалды: 0,1%. Еліміздің 20 өңірінің 10-да баға өткен айдың деңгейінде қалды.

Жылдық динамикада бағаның ең көп өсімі Ақтөбе облысында байқалды: бір жылда 25,1%. Одан кейін Түркістан (24,7%) және Қарағанды (21,1%) облыстары. Саладағы ең аз жылдық баға өсімі Алматы облысында тіркелді: 6,1%.

 

Биыл наурызда ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы «Халықтың өмір сүру сапасы» сауалнамасын жүргізді, оған 12 мыңға жуық респондент қатысты. Сауалнама денсаулық сақтау қызметінің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты сұрақтарды қамтыды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейі 2022 жылмен салыстырғанда 34,8%-дан 39,9%-ға дейін өсті. Респонденттердің 51,1%-ы ішінара қанағаттанған, бір жыл бұрынғы көрсеткіш 55,4%. Қанағаттанбаушылық деңгейі 6,9%-дан 6,5%-ға төмендеді. Респонденттердің тек 2,5%-ы ғана жауап беруге қиналған.

Бұл ретте денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігіне қанағаттанған қазақстандықтардың үлесі 44,5%-ға дейін өсті (бір жыл бұрын — 41,8%). Респонденттердің 47,2%-ы ішінара қанағаттанған. Қанағаттанбаушылық деңгейі бір жыл бұрынғы деңгейде қалды: 5,6%. Қазақстандықтардың 2,7%-ы жауап беруге қиналған.

Сонымен қатар, азаматтардың жеке медициналық қызмет сапасына қанағаттанушылық деңгейі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қарағанда жоғары болғанын атап өтеміз: тиісінше 48,7% және 39,9%. Жеке қызметтердің қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі де сәл жоғары болды: 44,5% және 45,6%.