2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 31,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 30,4% артық.

Сауда айналымының басым бөлігін дәстүрлі түрде импорт құрады: 16,8 млрд АҚШ доллары, бір жылда 52,7% көбейген. Бұл ретте Қазақстаннан Қытайға экспорты бір жылда 11,7% өсіп, 14,7 млрд АҚШ долларына жетті.

ҚР-ның тауар айналымының жалпы құрылымындағы Қытайдың үлесі 22,5%, импорт құрылымында — 27,4%, экспортта — 18,7%.

Қытайдан ҚР-ға импортталатын тауарлардың ең танымал санаты — трикотаж және тоқыма киім мен киім бұйымдары: ақшалай 2,4 млрд АҚШ доллары, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,9 есе көп.

Сонымен қатар, импортталатын танымал тауарларға телефон, автокөлік және оның бөлшектері, компьютер жән оның бөлшектері жатады.

Қазақстан Қытайға негізінен шикі мұнай мен мұнай өнімдерін жөнелтті — 3,8 млрд АҚШ долларына, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,2% аз. Экспорттың басқа негізгі санаттарына тазартылған мыс және шикі мыс қорытпалары, табиғи газ, бағалы және сирек жер металдары мен радиоактивті элементтер, ферроқорытпалар жатады.

Дегенмен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы жылдары Қытай тұрғындары арасында органикалық және экологиялық таза қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынуға сұраныс артып келе жатқанын хабарлайды. Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2023 жылы екі есеге жуық өсіп, 1,01 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды министрлік.

Былтыр қыркүйектің соңында ҚР резиденттерінің қытай инвесторлары алдындағы міндеттемелері 13,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 3% артық.

Қытай инвесторларының ҚР-ға салған инвестициясының негізгі көлемі тау-кен өнеркәсібі мен саудаға тиесілі — тиісінше 1,3 млрд және 1,1 млрд АҚШ доллары.

Былтыр қаңтар–қыркүйекте ҚР-ға Қытайдың тікелей инвестициясының жалпы ағыны 1,4 млрд АҚШ долларын құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 36,6% көп.