Экономиканың бақыланбайтын секторын есепке алғанда 2023 жылдың бірінші тоқсанында ғылыми-зерттеу және әзірлемелер саласында көрсетілген қызмет көлемі 24,6 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай бірден 92,1%, нақты көлемі 67,8% көп.
Экономиканың бақыланбайтын секторын есепке алмағанда, саладағы қызмет көлемі бірда құндық мәнде 91,2% көбейіп 24,5 млрд теңгені құрады.
Саладағы қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен астамы тек Алматы мен Астана қалаларына тиесілі: тиісінше 10,1 млрд және 6,7 млрд теңге. Сондай-ақ Маңғыстау (1,5 млрд теңге), Шығыс Қазақстан (1,3 млрд теңге), Абай (1,1 млрд теңге) және Қарағанды (1,1 млрд теңге) облыстарында да көрсеткіш жоғары.

Саладағы қызмет көрсету құрылымында жаратылыстану және техникалық ғылымдар 18,4 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан ақшалай түрде 70% көбейді. Оның ішінде геологиялық саладағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 5,3 млрд теңге, биотехнология саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарда 1,9 млрд теңге, автокөлік жолдары мен көпір ғимараттарды жобалау саласындағы зерттеу және әзірлесе, құрылыс, жөндеу, күтіп-ұстау және диагностикада — 1,4 млрд теңге.
Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қызмет көлемі 6 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан екі есе өсті. Мұнда тек екі санат ерекше көзге түседі: отандық өндірістерді дамытуға бағытталған қолданбалы зерттеулер (109 млн теңге) және экономикалық, бюджеттік және стратегиялық жоспарлау саласындағы пәнаралық зерттеу және әзірлеме (21,2 млн теңге). Тағы 5,9 млрд теңге осы сегменттегі барлық басқа қызметтерге тиесілі.

Ғылыми зерттеу және әзірлемелер саласы қызметкерлерінің орташа айлық атаулы жалақысы 2023 жылдың бірінші тоқсанында 326,6 мың теңгені құрады, бұл ҚР бойынша орташа деңгейден 4,1% аз. Жылдық өсім 23,1%.
Бұл ретте саладағы жалақының сатып алу қабілеті бір жылда 2,6% өсті, ал Қазақстанда орташа алғанда 0,6% төмендеді.
