Arton Capital қаржылық консалтингтік фирмасы ұсынған Passport Index әлемдік рейтингт БАӘ төлқұжаты қозғалу еркіндігі бойынша 179 балл жинап, биылғы жылдың ең мықтысы.
Қозғалу еркіндігі индикаторы визасыз баруға болатын, сондай-ақ келген кезде виза, eTA және электронды виза (үш күн ішінде беріледі) алуға болатын елдер санымен анықталады. Рейтингке БҰҰ-ға мүше 193 мемлекет, сондай-ақ Ватикан және жеке төлқұжаттары бар аумақтар (Тайвань, Макао, Гонконг, Косово және Палестина) — барлығы 199 төлқұжат енгізілген.
2024 жылы төлқұжат көлемі бойынша екінші орында қозғалу еркіндігі индексі 177 болатын бес ел — Франция, Германия, Италия, Нидерланд және Испания. Сондай-ақ бес ел 176 балмен үшінші орында болды: Швеция, Финляндия, Люксембург, Аустрия және Швейцария.
Төлқұжат күші бойынша соңғы орындар — Сирия (93-орын), Ауғанстан (92-орын) және Ирак (91-орын).

Рейтинг бойынша Қазақстанның позициясы бір жылда жақсарды — 2023 жылғы 56-орыннан 2024 жылы 54-орынға дейін. Бұл ретте қозғалу еркіндігі көрсеткіші 91-ден 90-ға дейін төмендеді. Қазақстаннан бөлек Косово (жартылай мойындалған мемлекет) мен Науру аралдық мемлекеті 90 балмен 54-орынға тұрақтады. Айта кетейік, 2024 жылы қозғалу еркіндігінің әлемдік орташа көрсеткіші 111 балды, ал медианы 100 балды құрады.
Индонезия мен Беларусь ҚР-дан жоғары, 91 көрсеткішпен 53-орында, Ботсвана 89 көрсеткішімен 55-орында.
Көрші елдердің ішінде Ресей мен Қытай тұрғындарының төлқұжаты қазақстандықтарға қарағанда мықтырақ. Ресей 127 балмен қозғалу еркіндігінен 37-орында, Тувалу мен Черногория сияқты елдермен бірге, Қытай 95 балмен 51-орында. Өзбекстан мен Қырғызстан Гамбия, Уганда және Үндістанмен бірге 73 балмен 67-орында. Түрікменстан Малимен бірге 77-орында, көрсеткіші 63 балл.

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, Қазақстан әлемнің 82 елімен визасыз режимде жұмыс істейді және енгізілгеннен бері Қытай, Үндістан сияқты елдерден келушілер саны айтарлықтай артқан. Визасыз режим енгізілгелі Қытайдан келушілер 12 есе, ал Үндістаннан келушілер 3 есе көбейген.