Биыл күзде қазақстандық банктердегі депозит 32,2 трлн теңгеге жетіп, бір ай бұрынғыдан 57,7 млрд теңгеге немесе 0,2% көбейді. ҚР-дағы 21 ЕДБ-нің 14-і көрсеткіштерін көбейтсе, қалған 7 банкте керісінше, азайды.
Депозит көлемінің ай сайынғы өсімі бойынша абсолютті көшбасшы Отбасы банкі: 89,1 млрд теңгеге көбейіп, 2,5 трлн теңге жетті. Бір жыл ішінде банк өзінің депозиттік базасын 386 млрд теңгеге ұлғайтты. Естеріңізге сала кетейік: бұл еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ және тұрғын үй несиесі жүйесі бойынша жұмыс істейтін жалғыз қаржы институты.
Жалпы, бұл таң қаларлық көрсеткіш емес. Отбасы банкіндегі депозиттер жалпы банк секторындағы депозиттерден ерекшеленеді. Бұл жай ғана мемлекеттік сыйлықақыға байланысты жоғары мөлшерлеме емес (бір жылғы жинақ сомасының 20%, 200 АЕК-тен аспайды). Бұл банктегі жинақ ақша жылжымайтын мүлікке инвестиция және халықаралық сарапшылардың да, айталық, жылжымайтын мүлікті сатып алу ең жақсы деп саналатын көрші Ресей тұрғындарының пікірі бойынша жылжымайтын мүлік ең жақсы инвестициялық құралдардың бірі болды және болып қала береді. Ресейде резиденттердің үштен бір бөлігі жылжымайтын мүлікті ең жақсы инвестиция санайды.
ҚР-да да бұл көрсеткіштер ұқсас: бүгінде елдің экономикалық белсенді халқының 28%-ға жуығы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысады.

Jusan Bank айлық өсім бойынша екінші орынға шықты: 71,5 млрд теңгеге ұлғайып, 1,3 трлн теңгеге жетті. Үздік үштікті негізінен заңды тұлғалармен жұмыс істейтін америкалық еншілес ұйым Ситибанк Қазақстан жапты: 20,2 млрд теңгеге көбейіп, 855,9 млрд теңгеге жетті.
Altyn Bank қытайлық еншілес ұйым (12,9 млрд теңгеге ұлғайып, 699,7 млрд теңгеге жеткен) және еуропалық Home Credit Bank (11,2 млрд теңгеге көбейіп, 310 млрд теңгеге жеткен) айтарлықтай өсім көрсетті.

ҚР ЕДБ жиынтық портфеліндегі жеке тұлғалардың депозиті қазірдің өзінде 18,1 трлн теңге (бір айда 42 млрд теңгеге ұлғайған), ал заңды тұлғалардың депозиттері 14 трлн теңге (бір айда 15,6 млрд теңгеге ұлғайған).
Жеке тұлғалардың үлесі 56,5%, кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі тиісінше 43,5% болды.