Биыл жыл басындағы мәлімет бойынш, елде 19,8 млн адам бар, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,4% көп. Оның 6,7 млн-ы 18 жасқа толмаған азаматтар (жылдық өсім 1,8%). Соңғы бірнеше жылда халық санының жылдық өсімі 1,3%–1,5%-ды құраса, 2022 жылдың басына қарай бұл көрсеткіш 3,3%-ға жетті.

Қазақстан қоғамдық даму институтының (ҚҚДИ) халық арасында жүргізген әлеуметтік зерттеуге сай, респонденттердің 78,25%-ы отбасылық қарым-қатынастарына толық қанағаттанды, 17,08%-ы қанағаттанарлық деуге болады, 3,67%-ы қанағаттанбайды деп жауап берген. Сарапшылар респонденттердің соңғы санаты отбасылық қатынастарды бұзу қаупі бар екенін атап өтті.

Табыс көлемі бойынша деректерді талдау материалдық деңгей мен отбасылық өмірге қанағаттану арасындағы байланысты көрсетеді. Сатып алу қабілеті төмен респонденттер отбасылық қарым-қатынасқа көңілі толмайтынын жиі айтады. Отбасыларында тіпті азық-түлік сатып алуға ақшасы жоқ респонденттердің 12,5%-ы отбасылық өмірге көңілі толмайтынын мойындады. Ал материалдық жағдайы жақсы азаматтардың арасында бұл көрсеткіш небәрі 1,9%.

Сарапшылар дін мен отбасылық қарым-қатынасқа қанағаттану арасында белгілі бір байланыс бар екенін де атап өтеді. Өздерін жаратушыға сенушімін деп санайтын респонденттер сенбейтіндерге қарағанда отбасылық өміріне көбірек қанағаттанады.

Балаларға келетін болсақ, оларға берілетін тәрбие әдеттегідей. Қазақстандық отбасыларда, сауалнамаға сәйкес, ата-аналар көбіне балаларын еңбекқорлыққа тәрбиелейді: 2022 жылы 33,8%, 2021 жылы бұл көрсеткіш 61%, ал 2020 жылы 64,1% жеткен. Құндылықтар ішінде екінші орында өзін-өзі құрметтеу (31,8% отбасы, бір жыл бұрын 43% және 2020 жылы 28,5% болған). Негізгі құндылықтарға сонымен қатар адалдық пен әділеттілік (отбасының 31,7%-ы), үлкендерге құрмет (25,3%-ы) және барлық адамдарға құрмет (16,6%-ы) кіреді.

Балаларға берілетін құндылықтардың ішінде ең азы прагматизм, басқа халықтардың мәдениетіне, тілдеріне және дәстүрлеріне құрмет, сондай-ақ дербестік пен еркіндікке ұмтылу болды.

Отбасылық дәстүрлер отбасы өмірінің ажырамас бөлігі. Ең жиі кездесетіндердің бірі — отбасы мүшелерінің туған күндерін бірлесіп тойлау (сұралғандардың 86,4%-ы). Сондай-ақ дәстүрлі түрде отбасылық мейрамдарды — Жаңа жыл, 8 наурыз, 9 мамыр және т. б. бірге тойлау (58,8%) және діни рәсімдерді (34%) бірге атқару.

Отбасылық түскі және кешкі асты респонденттердің 31,8%-ы, киноға, театрларға және басқа да орындарға бірге баруды — 21,8%-ы орындайды. Сонымен қатар қазақстандықтардың 3,4%-да мұндай отбасылық дәстүрлер мүлдем жоқ.

Көптеген отбасыларда жас ұрпақ тәрбиесіне ата-әжелер де белсене араласады. Ата-аналардың көпшілігі ата мен әже бала тәрбиесіне оң әсер етеді деп есептейді. Сауалнамаға қатысушылардың 67,3%-ы олардың ата-аналары балаларының бойына дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды сіңіреді деп санайды, 58,8%-ы ата-әжелерінің тәрибесін көрген балалар үлкен туыстарына қамқорлық пен құрмет көрсетуді үйренетініне сенімді, 46,8%-ы ата-әжелер оқуына көмектеседі деп ойласа, 16,8%-ы аталар мен әжелер бос уақытын бірге өткізуге көмектесетінін айтты.

Сонымен қатар, респонденттердің 7,3%-ы ата-әжесі балаларды көп еркелетеді, 1,8%-ы ата-әжелер балаларды ата-анасына немесе басқа туыстарына қарсы қояды, 0,9%-ы ата-әжесі баланың бойына теріс қасиет сіңіреді, 8,3%-ы ата-әжелер балаларға көп ықпал етпейді деп санайды.

COVID-19 пандемиясының төмендеуімен және оған қатысты шектеулердің жойылуымен ата-аналар балаларымен аз уақыт өткізе бастады. Балалармен бос уақытты өткізу жиілігі туралы сұраққа респонденттердің тек 45,5%-ы ғана үнемі бірге болатынын айтса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 50,3%-ды, ал 2020 жылы — 57,9%-ды құраған.

Респонденттердің 17,7%-ы күн сайын жиналуға тырысады, бір жыл бұрын 32,7% еді бұл көрсеткіш, 13,5%-ы әр демалыс және мереке күндері бірге уақыт өткізеді (мұнда бір жыл бұрын бұл көрсеткіш төмен — 8,3% болған). Респонденттердің тағы 9,8%-ы тек мереке күндері, 6,5%-ы аптасына 2-3 рет бірге уақыт өткізеді. Респонденттердің 6%-ы балалармен сирек уақыт өткізетінін, ал бос уақыт ешқашан бірге өткізбейтіндер үлесі 0,9%, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 0,4% болған.