2023 жылдың қаңтар–тамызында киім өндірісі секторындағы негізгі капиталға инвестиция 795 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай 12,2% аз. Инвестицияның физикалық көлемінің нақты төмендеуі 16% болды.
Анықтама үшін: былтыр қаңтар–тамызда киім өндірісіне салынған инвестиция 905,4 млн теңгені құрады — 2021 жылдың қаңтар–тамызымен салыстырғанда ақшалай 5% артық, инфляцияны есепке алғанда нақты мәнде 0,6% төмендеу байқалды.
Былтыр салаға салынған инвестицияның 100%-ы кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілсе, биыл оның үлесіне 98,9% немесе 786,1 млн теңге болды, қалған 8,8 млн теңге банктік емес қарыз қаражаты.

Киім тігуге арналған материалдардың бағасы бір жылда 2023 жылдың тамыз айының соңында 8% өсті. Былтыр баға 15,6% өскен.
ҚР өңірлерінің ішінде киім тігуге арналған материалдар бағасының айтарлықтай өсімі Жамбыл (20,6%), Абай (14,9%) және Батыс Қазақстан (14,4%) облыстарында байқалды. Бағаның ең аз өсімі Павлодар (2,4%) және Алматы (2,5%) облыстарында байқалса, Жетісу және Ұлытау облыстарында баға өзгерген жоқ.
Киім бағасы 2023 жылдың тамыз айының соңында бір жылда 13,3% өсті, былтыр бағаның өсімі 11,1% болған.

2023 жылы Қытайда өтіп жатқан Азия ойындары қарсаңында отандық өндірушілердің спортшыларға берген киіміне қатысты жанжал шықты, деп хабарлайды tengrinews. Спортшылар оның сапасына наразы, бірақ өндірушілер бұл айыппен келіспей, сынға жауап берді. Десе де, Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы Азия ойындары аяқталғаннан кейін бұл мәселені зерттейтін комиссия құрылатынын хабарлады.