2023 жылғы қаңтар–тамызда мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 80,4 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғыдан бірден 38,3% артық. Күрделі салымдардың физикалық көлемінің нақты өсімі 31,4%.

Салыстыру үшін: былтыр сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш 58,1 млрд теңгені құрап, бір жылда 2,2 есе өскен.

Өңірлер бойынша салаға салынған күрделі салымдардың ең көп көлемі Алматыға тиесілі: 19,7 млрд теңге — былтырғыдан 2,5 есе көп.

Екінші және үшінші орында Түркістан (10,6 млрд теңге, 26% азайған) және Маңғыстау (7 млрд теңге, былтыр 232,4 млн теңге болған) облыстары.

Ең аз инвестиция Ұлытау, Ақмола және Павлодар облыстарына түсті: тиісінше 36,3 млн, 378,3 млн және 838,8 млн теңге.

Қаржыландыру көздері бойынша күрделі салымдардың 51,1%-ы жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілді: 41,1 млрд теңге — былтырғыдан бірден 68% артық.

Республикалық бюджеттен 21,5 млрд теңге (бір жылда 33,1% азайған), банктік емес қарыз қаражат — 14,8 млрд теңге (былтыр 361,4 млн теңге болған), кәсіпорындардың меншікті қаражаты — 3 млрд теңге (2,6 есе көбеген) болды.

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шарттары өзгереді: күш құрылымдары мемлекеттік сатып алу арқылы аз сомадағы бөлшектер мен қосалқы бөлшектерді сатып алу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Осы және басқа да өзгерістер қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді жеңілдету және жеделдету, жалпы бүкіл жүйенің тиімділігін арттыру мақсатында қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты реттейтін тиісті заңға енгізілуде.