2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында қазақстандық төлем карталармен* жасаған қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі 141,9 трлн теңгеге жетті, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 36,7% артық.
Қазақстандық эмитенттердің төлем картлары бойынша жалпы айналымдағы қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесі бір жылда 82,9%-дан 86%-ға дейін өсті. Айта кетейік, 2019 жылғы корона дағдарысына дейінгі жылдың өзінде бұл көрсеткіш 46,9%-ды құраса, 2020 жылы ол 70,4%-ға өсті.
* бұдан әрі – ҚР аумағында да, республикадан тыс жерлерде де

Қазақстандық эмитенттер шығарған жергілікті жүйелердің карталары бойынша қолма-қол ақшасыз төлем көлемі халықаралық төлем жүйелерінің карталары көрсеткішінен айтарлықтай асып түсті: 2023 жылғы қаңтар–желтоқсандағы 30,1 трлн теңгемен салыстырғанда 111,9 трлн теңге. Жергілікті жүйелердің карталары бойынша қолма-қол ақшасыз төлем көлемі бір жылда 39,4%-ға, халықаралық жүйелердің карталары бойынша төлем 27,8% өсті. Бұл ретте, 2019 жылы жергілікті төлем жүйелерінің карталарымен жасалған қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесі жалпы көлемнің тек үштен бірін ғана құраса, тиісінше үштен екісі халықаралық жүйелердің карталарына тиесілі болды.
Биыл жыл басында ҚР-да төлем карталарын екінші деңгейлі 18 банк пен «Қазпошта» АҚ шығарды. Бұл ұйымдар VISA International, Mastercard Worldwide, UnionPay International, American Express International және Diners Club International халықаралық жүйелерінің төлем карталарын шығарады және таратады. Қазақстандағы банктер жергілікті жүйелердің төлем карталарын шығарады: жергілікті Citibank Kazakhstan картасын «Ситибанк Қазақстан» АҚ шығарады, Kaspi.kz төлем карталары жүйесі «Kaspi Bank» АҚ-ға тиесілі.

Ірі халықаралық Visa және Mastercard жүйелері Қазақстандағы үлестерін жоғалтуда. 2023 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында олар қолма-қол ақшасыз төлемдердің тек 19,6%-ын құрады.
Ақшалай Visa карталары бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 22,6 трлн теңге, Mastercard карталары бойынша 5,2 трлн теңге болды. Басқа халықаралық төлем жүйелерінің карталары 2,3 трлн теңгені құрады.
