2023 жылдың екінші тоқсанында ҚР-дағы мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің көлемі бір жылда 20,9% өсіп, 206,8 млрд теңгені құрады. Оның ішінде шағын кәсіпорындар 191,1 млрд теңгенің, орта кәсіпкерлік 14,1 млрд теңгенің, ірі кәсіпорындар 1,6 млрд теңгенің қызметін көрсетті. Меншік түрі бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында көрсетілген қызметтің басым бөлігін мемлекеттік кәсіпорындар көрсетті: 126,3 млрд теңге. Жеке меншік компаниялар 80 млрд теңгенің, шетелдік кәсіпорындар 539,7 млн теңгенің қызметін көрсетті.
Салыстыру үшін: былтыр сәйкес кезеңде елде бұл салада 171,1 млрд теңгенің қызметі көрсетілген, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 28,2% артық.

Өңірлер бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында ең көп қызмет Түркістан облысында көрсетілген: 24 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 4,6% артық.
Үздік үштікке сондай-ақ Алматы (19,7 млрд теңге, бір жылда 27,9% көбейген) және Жамбыл облысы (17,4 млрд теңге, 19,4% көбейген) кірді.
Ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілді: 2,6 млрд теңгеге, бір жылда 29,1% көбейген.
Саладағы қызмет көрсету көлемінің ең көп өсімі Алматы облысында байқалды: бірден 38,9%, 17 млрд теңгеге дейін.

Биыл қазанда балаларды дамыту орталықтары қызметі былтырғымен салыстырғанда 5% қымбаттады.
Өңірлер бойынша баға ең көп Түркістан облысында өсті: бір жылда 41,5%. Одан кейін Маңғыстау (26,6%) және Ақтөбе (22,4%) облыстарында айтарлықтай қымбаттады.
Балаларды дамыту орталықтары қызметі ең аз қымбаттаған өңір Атырау облысы: 3,1%. Тағы екі өңірде — Алматы қаласы мен Ұлытау облысында баға былтырғы деңгейде қалды. Алматы облысында 0,5% арзандады.
