Ағымдағы жылдың сегіз ай қорытындысы бойынша Қазақстанда негізгі капиталдағы инвестиция 9,8 трлн теңге құрады. Өткен жылдың аталмыш уақыт мерзімімен салыстырғанда, сома өзгеріссіз болып, нақты мәнде 0,1% ғана өсті.
Атап өткен жөн, барлық инвестициялардың 67,8% бизнестің жеке қаражатының негізінде қалыптасты. Оның өзінде инвестициялардың 18% бюджет қаражатынан, 10,1% — қарыздар қаражатынан және тек 3,6% — ҚР ЕДБ несиелерінен.
Шынында, барлық инвестицияның үштен екісі бизнестің жеке қаражатын қамтамасыз етіп, ал банктік несиелердің үлесі аз болғаны ақылға сыйымсыз. Нарықтық және экономикасы дамушы елдерде күрделі салымдар өсуінің негізгі қозғаушы күші қаржы институттарынан, соның ішінде банктерден тартылған қаражаттар болып табылады. Бізде болса жағдай әдеттен тыс. Соңғы жылдары инвестициядағы банктік несиелердің үлесі 2%–3,6% шамасында өзгеріп, бұл соңғы онжылдықтағы ең төмен көрсеткіштер.
Масқара осымен аяқталмайды. Жоғарыда біз ел бойынша орташа мәнін ғана атап өттік, ал егер экономиканың бөлек салаларын қарастыратын болсақ, жағдай одан сайын шошытады. 19 сектордың 14-нің мәні орташа республикалық маңызынан төмен. Кейбір салаларда инвестициялардағы ЕДБ несие мөлшері — өте төмен. Мысалы, денсаулық сақтау саласында банк несиелерінің үлесі 1,9%, байланыс секторында — 1,9%, құрылыста — 2%, ауылшаруашылығында — 2,1% құрайды.
Негізгі капиталға инвестициядағы банк несие шамалы ғана үлесінің себептері — жоғары несие мөлшерлемелері және жалпы басқа несие шарттары. Қазіргі таңда ҚР ЕДБ бизнес үшін айтарлықтай жоғары несие мөлшерлермелерін ұсынады. Еліміздің ең ірі банктердің шарттарын қарастырсақ, әрбір қаржы институттарында бизнеске арналған несие бойынша пайыздық мөлшерлемелер 25%-дан 50% өзіне дейін жететінін байқауға болады. Аталмыш несиелер бизнес үшін орынсыз және максималды қымбат болып саналады.
ҚР Ұлттық банктің ақшалай-несиелік саясаттың себебінен несиелердің қымбат болуы түсіндіріледі. 2022 жылдың соңынан Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 2016 жылы ең жоғары болған — 16,75% дейін көтерді. Ескеретін жәйт, мөлшерлеме өте қысқа мерзімде көтеріліп — базалық мөлшерлеменің кезеңмен көтерілуі емес, бір жылдың ішінде күрт жоғарылауы байқалған. Инфляция деңгейінің артуынан базалық мөлшерлеме өсті. Елде инфляцияны тежеу үшін жасалынды. 2022 жылдың соңына қарай инфляция 20,3% деңгейінде сақталып тұрса, 2023 жылдың қаңтарында — 20,7%, 2023 жылдың ақпанында — 21,3%, бірақ 2023 жылдың наурызынан бастап, инфляция 8,4% қазіргі деңгейіне дейін төмендей бастады. Алайда ҚР Ұлттық банкі мөлшерлемені төмендетуге асықан жоқ. 2023 жылғы тамыздың соңына дейін базалық мөлшерлеме сол жоғары (16,75%) деңгейде қалып тұрса, одан кейін ғана Ұлттық банк бәсендеп қазіргі 14,25% дейін түсірді. Демек жыл ішінде базалық мөлшерлеме айтарлықтай сезілмейтін 2,5 пайыздық тармаққа ғана төмендеп, қазіргі таңда инфляция деңгейінен жоғары болып тұр. Ескерейік: 2021 жылы «коронавирус аяқталуына қарамастан дағдарысты» кезінде базалық мөлшерлеменің деңгейінің өзі 9% құраған болатын.
Нәтижесінде базалық мөлшерлеме елдегі инвестициялық белсенділікке қалай әсер етеді ? Оның деңгейін ақша құны анықтайды: мөлшерлеме жоғары болған сайын, компанияға соғұрлым несиелер қымбатқа шығады да, демек, бизнесті дамтыуға қиындау болады, әрі шығындар мен инвестицияны қысқартуға тура келеді.
Жоғары мөлшерлеме кезінде несиелер қымбаттайды, бизнеске несиені алуға, әрі қарызды өтеуге қиналады. Компаниялар шығындарды қысқартуға мәжбүр болып, тек ең пайдалы бағыттарға ғана назар аударады. Арзанырақ тауарларды өндіру және қызмет бағасын төмендету, инвестициялық бағдарламаларды тоқтату, штаттың қысқаруы, жарнама мен маркетинге бюджетті азайту әдетке айналып жатыр. Жоғары мөлшерлеме кезінде, егер компанияда бос ақша болған жағдайда, кейде қаражатты бизнесті дамытуға емес, депозитке салу ұтымдырақ болады.
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі, өз кезегінде, несие бойынша мөлшерлеменің төмен болуынан, ақша бизнеске қолжетімді болады. Одан бөлек, ақша халық үшін де қолжетімді болады, демек, бизнестің қызметіне және өніміне сұраныс артып отырады. Ол өз кезегінде бизнестің дамуын және жұмыс істеуін ынталандырып, атап айтқанда, экономика белсенді өседі.
Қазіргі жағдайда елдегі осындай қатал ақша-несие саясатымен бизнесті дамытуды сөз етудің қажеті жоқ. Қарапайым тілмен айтқанда, Ұлттық банк өз шаралары арқылы республикадағы инвестициялық белсенділікті бәсеңдетеді, сол арқылы жалпы экономиканың да, халықтың әл-ауқатының да өсуіне кедергі жасайды.