Әлемдегі телекоммуникациялар нарығындағы ең беделді Ookla (Speedtest Intelligence) компаниясының зерттеулеріне сай Қазақстан тағы да Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі интернет жылдамдығы бойынша ең жақсы көрсеткіштерді көрсетті. Сарапшылар Еуразия аймағындағы белгілі бір елдерді, соның ішінде ОА елдерін зерттеді.
Есепте Моңғолиядан басқа барлық таңдалған нарықтағы бүкіл технологиялар үшін мобильді деректерді жүктеудің медианалық жылдамдығы 2022 жылдың төртінші тоқсаны мен 2024 жылдың үшінші тоқсаны аралығында біртіндеп жақсарғаны көрсетіледі.
Сондай-ақ сарапшылар 5G енгізген немесе бесінші буын байланысын таратудың бастапқы сатысында тұрған нарықтар интернет жылдамдығының жалпы өскенін көрсетті деп атап өтеді.
Тікелей ҚР-да 2024 жылдың үшінші тоқсанында интернет жылдамдығы 53,26 Мбит/с құрады, бұл қарастырылып отырған басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Қазақстан Орталық Азияда коммерциялық 5G-ді іске қосқан алғашқы елдердің бірі болды. Бесінші буын желісін екі мобильді байланыс операторы — Tele2 және Kcell таратуда. Екеуі де еліміздің ірі қалаларында желілерін белсенді түрде кеңейтіп жатыр. 2024 жылдың маусым айына қарай олар 20 қалада 1,1 мыңнан астам 5G базалық станциясын орнатты және қамтуды одан әрі кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қазақстаннан кейін Қырғызстан тұр, онда үшінші тоқсанда интернеттің медианалық жылдамдығы 41,36 Мбит/с құрады. Өзбекстанда бұл көрсеткіш небәрі 38,96 Мбит/с-қа жетті.
Есепте атап өтілгендей, Қазақстанның мобильді нарығының бәсекеге қабілеттілігі өте жоғары. Нарықта үш оператор жұмыс істейді — Tele2, Kcell және Beeline — олар мобильді байланыс желісімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ете отырып және енудің жоғары деңгейіне қол жеткізе отырып, елдің телекоммуникациясының дамуына үлкен үлес қосып жатыр.
Мобильді байланыс операторларының ішінде Tele2 кезекті рет ҚР-дағы ең жылдам мобильді провайдер атанды. Барлық технологияларға арналған Speedtest Intelligence деректерінің негізінде 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл оператордың орташа жылдамдығы 55,12 Мбит/с құрады. Kcell 48,70 Мбит/с көрсеткішімен екінші орынды иеленсе, Beeline 27,94 Мбит/с жылдамдықпен үшінші орынға жайғасты.
Бұл ретте Астана және Алматы сияқты ірі қалаларда Tele2 интернеттің айтарлықтай жоғары жылдамдығын көрсетеді: сәйкесінше рекордтық 78,55 Мбит/с және 102,99 Мбит/с. Бұл, ең алдымен, 5G-ді таратуға байланысты. Оның үстіне Tele2 Қазақстандағы телеком секторын дамыту драйвері бола отырып, Орталық Азиядағы ең жылдам мобильді байланыс операторына айналды.
Бейне сапасына келетін болсақ, Speedtest Intelligence 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы барлық мобильді технологиялар үшін іске қосылудың ең жылдам медиандық бейімделу уақыты Tele2-де болғанын көрсетеді: 2,03 секунд. Kcell сәл ғана артта қалды: 2,09 секунд. Beeline көрсеткіші 2,46 секундты құрады.
Осылайша, халықаралық агенттік Қазақстандағы мобильді интернеттің жоғары деңгейде дамуын және оның аймақтағы көшбасшылық орнын тағы да растап отыр.