Өмір сүру ұзақтығы — әлем халқының әл-ауқатының маңызды көрсеткіштерінің бірі. БҰҰ дерегінше, 1950 жылы әлемде орташа өмір сүру ұзақтығы 46,5 жасты құраса, 2019 жылдың өзінде 72,8 жасты құрады, яғни 56,7% (немесе 26,3 жас) көбейген.
1950 жылдан бері медицинаның, технологияның және өмірдің басқа да салаларының дамуымен әлемде өмір сүру ұзақтығы 2019 жылға дейін шарықтау шегіне жеткенше жыл санап өсті. Әрі қарай, барлық елдерді қамтыған коронавирус пандемиясының пайда болуымен 2020 жылы адам өмірінің ұзақтығының көп жылдардағы алғашқы төмендеуі тіркелді: 72 жасқа дейін (0,8 жылға төмендеді). Ал 2021 жылы сарапшылар өмір сүру ұзақтығының тағы бір жылға, яғни 71 жылға дейін төмендегенін байқады.
Жынысы жағынан алғанда, 1950 жылы ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 44,6 жасты, әйелдердікі — 48,4 жасты, ал 2019 жылы ерлердікі — 70,2 жасты, әйелдердікі — 75,4 жасты құрады. 2020 жылы бұл көрсеткіш ерлерде 69,4 жас, әйелдерде 74,8 жас, ал 2021 жылы ерлерде 68,4 жас, әйелдерде 73,8 жас болды.
Сонымен бірге гендерлік алшақтық ұлғайып келеді. Мәселен, 1950 жылы бұл айырмашылық 3,8 жыл болса, 1990 жылы ол 5 жыл болды, 2010 жылы 5,1 жыл, 2019 жылы 5,2 жыл, 2020 және 2021 жылдары 5,4 жыл болды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2021 жылы әлемнің макроөңірлері арасында ең жоғары өмір сүру ұзақтығы мұхит елдерінде байқалды: 79,4 жас — әлемдік орташа деңгейден 11,8% (немесе 8,4 жылға) көп. Мұхит елдері 2020 жылғы коронавирустан кейінгі көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 0,7 жылға өскен жалғыз аймақ болды.
Одан кейін Солтүстік Америка, онда орташа өмір сүру ұзақтығы 77,7 жас — әлемдік орташа көрсеткіштен 9,4% (немесе 6,7 жыл) көп. Солтүстік Америкада 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1,7 жылға төмендеді.
Үшінші орында Еуропа: 77 жас — әлемдік орташа көрсеткіштен 8,4% (немесе 6 жыл) артық. 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2,1 жылға төмендеді.
Ең төмен өмір сүру ұзақтығы Африкада тіркелді: 61,7 жас — әлемдік орташа көрсеткіштен 13,2% (немесе 9,4 жас) аз. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1 жылға азайған. Африка — өмір сүру ұзақтығы орташа әлемдік деңгейден төмен жалғыз аймақ. Жетекші мұхит елдері мен Африка арасындағы алшақтық 17,8 жылға жетті.
Азияда орташа өмір сүру ұзақтығы 72,5 жас (әлемдік орташа деңгейден 1,5 жылға көп, бірақ 2019 жылғыдан 1,7 жылға аз), Латын Америкасы және Кариб бассейнінде — 72,2 жас (әлемдік орташа деңгейден 1,1 жылға көп, бірақ 2019 жылдағыдан 2,9 жылға аз).
2021 жылдың соңында ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығының ең үлкен алшақтығы Латын Америкасы және Кариб бассейнінде байқалды: әйелдер 7 жыл көбірек өмір сүреді. Одан кейін Еуропа (6,9 жыл), Солтүстік Америка (5,8 жыл), Азия (5 жыл), мұхит елдері (4,2 жыл) және Африка (4 жыл).
БҰҰ-ның болжам деректеріне сәйкес, өткен 2022 жылы, биыл және одан кейінгі 2100 жылға дейін адамдардың өмір сүру ұзақтығы артады. 2022 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 71,7 жас болса, биыл 73,4 жас, 2050 жылы 77,2 жас, 2100 жылы 82,1 жас болады деп күтілуде.
Ерлер үшін 2022 жылға болжамды көрсеткіш — 69,1 жас, әйелдер үшін — 74,4 жас; 2023 жылы ерлер үшін — 70,8 жас, әйелдер үшін — 76 жас; 2050 жылы ерлер үшін — 74,8 жас, әйелдер үшін — 79,8 жас; 2100 жылы ерлер үшін — 79,9 жас, әйелдер үшін — 84,3 жас.
Гендерлік алшақтық сақталады деп болжануда, бірақ бірте-бірте азаяды. Мәселен, 2022 жылы алшақтық 5,3 жылды құраса, 2023 жылдан 2040 жылға дейін 5,2 жылға дейін, 2041 жылдан 2048 жылға дейін — 5,1 жылға дейін, 2049 жылдан 2060 жылға дейін — 5 жылға дейін, 2061 жылдан 2069 жылға дейін — 5,4 жылға дейін азаяды. 2068 жылдан 2075 жылға дейін — 4,8 жылға дейін, 2076 жылдан 2083 жылға дейін — 4,7 жылға дейін, 2084 жылдан 2091 жылға дейін — 4,6 жылға дейін, 2092 жылдан 2100 жылға дейін — 4,5 жылға дейін. Еске салайық, гендерлік алшақтықтың шыңы 2020 және 2021 жылдары болды: 5,4 жыл.