Қазақстандықтарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету өзекті әрі маңызды міндет болып табылады. Бүгінде елімізде көптеген түрлі технологиялар қолданылады. Инновациялық және ең маңызды технологияның бірі, ол — FWA технологиясы.

Бұл технология интернеттің қолжетімділігін арттыру мәселелерін шешеді. Қазақстанның географиялық сипаттамаларын ескерсек, елімізде жіңішке сымдарды жүргізу өте ұзақ, күрделі процесс және мұндай жұмыстарды жүргізу барлық жерде техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Дәл осындай жағдайларда FWA балама ретінде қолданылады. Аталған технологияның көмегімен шалғайдағы ауылдық жерлерді интернетпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ қалалардағы әлеуетті арттыруға болады. Жоғарыда атап өткеніміздей, бекітілген сымсыз қолжетімділік ауданы кең кеңселер мен өндірістік кеңістіктерге ие бизнес субъектілері үшін өте қолайлы.

Бүкіл әлемде бұл технология қазірдің өзінде кеңінен қолданылады. Мысалы, Opensignal аналитикалық компаниясы жақында жүргізген АҚШ нарығының талдауы орташа жиілік спектрімен байланысты FWA әсерін айқын көрсетеді. Кең жолақты қолжетімділік 97%-ды құрайтын АҚШ-тың жетілген нарығында FWA жаңа кең жолақты қолжетімділікті (90%) арттырудың негізгі драйвері болып табылады, ауылдық жерлердегідей (7%) қаладағы (6%) интернетке қосылудың жоғары көрсеткішін қамтамасыз етеді. GSMA Intelligence-тің болжамы бойынша алдағы жылдары табысы жоғары елдердің нарықтарында FWA ұсынатын кең жолақты қолжетімділіктің үлес салмағы айтарлықтай артады, тіпті Батыс Еуропаның халық тығыз орналасқан елдерінде 2030 жылға қарай FWA нарығының 10% -20% үлесіне ие болады.

Ал белгілі бір елдерде 5G FWA қосу үлесі айтарлықтай жоғары болады: мысалы, болжам бойынша Австрияда үлес 31,9%-ға, Жаңа Зеландияда 22,1%-ға, Болгарияда 18,1%-ға, Аустралияда 17,1%-ға, АҚШ-та 16,6%-ға, Сауд Арабиясында 16,5%-ға, Швейцарияда 15,5%-ға тең болады және т. б.

GSMA Intelligence деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша 131 оператор әлемнің 63 елінде 5G FWA технологиясын іске қосты. Сондай-ақ GSMA Intelligence зерттеуінде басқа кең жолақты шешімдермен салыстырғанда, FWA-ның нарықтағы үлесі 2020 және 2030 жылдар аралығында үш есе артады деп болжанды.

Бұл жаңа технологияны көптеген елдер енгізуде, олардың көпшілігі дамыған технологиялық мемлекеттер болып табылады. 5G FWA-ды коммерциялық пайдалануға берген басқа елдердің қатарында Қазақстан да бар. Біздің республикамыздан басқа, Еуразия аймағында бұл технологияны Өзбекстан ғана пайдаланады.

Қазақстанда FWA технологиясын Tele2/Altel мобильді операторы белсенді түрде қосуда. Tele2/Altel стратегиясы клиенттерді жылдамдығы жоғары қолжетімді «отбасылық» интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған. FWA іске қосылғаннан кейінгі алғашқы айларда-ақ бұл технологияға қосылуға мол сұраныс туындады. Сатылымның үштен екі бөлігін 5G жабдығы құрайды (шектеулі қамтуға қарамастан), бұл клиенттердің тарапынан жаңа технологияларға деген үлкен қызығушылықты аңғартады.

Бүгінде бұл технологияны Tele2 аясында «Үй интернеті» тарифі бойынша, ал Altel аясында «Жанұя» тарифі бойынша қосуға болады. Екі оператор да алғашқы 3 айда 50% жеңілдік береді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда, 5G роутерінің өзін 50% жеңілдікпен 27 990 теңгеге сатып алуға болады (стандартты бағасы 64 990 теңгеге тең).

Аталған тарифтердің біріне толығырақ тоқталайық. «Жанұя» — желі ішінде шектеусіз қоңыраулары бар, үлкен интернет пакеті және қосымша сервистері бар, бүкіл отбасы белсенді пайдалануға болатын отбасылық тариф. Тұтынушылар тұрақты үй интернетінен басқа, пакетке байланысты қосымша 5 немесе 6 ұялы байланыс нөмірін алады. Сондай-ақ пакетке ҚР бойынша басқа мобильді операторлардың телефондарына қоңырау шалу, теледидар, 4 онлайн-кинотеатрға тегін жазылу және т. б. кіреді. Пакет көлемін ескерсек, бұл тариф түрі еліміздің азаматтары үшін барынша тиімді әрі қолжетімді. Айта кетерлігі, клиенттің қолданыстағы роутеріне, сондай-ақ SIM-картасына байланысты қосылудың бірнеше әдісі бар. Оңай, шамамен 30 минутта орнатылады және орнату үшін арнайы маманның жұмысы қажет емес.

Осылайша, қазақстандықтар (орналасқан жеріне қарамастан) FWA технологиясының арқасында барынша жылдам және сапалы интернетті қосу мүмкіндігіне ие болды.