Халықтың қазақстандық банктердегі депозиттері бір айда 0,2% (немесе 42 млрд теңгеге) өсіп, 18,1 трлн теңгеге жетті.
Жеке тұлғалар депозиті бар үздік он банктің ішінде ForteBank ең жақсы өсу қарқынына ие: бір айда 2,3%, 783,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бір жыл ішінде банк жеке тұлғалардың депозиттік портфелін 12,1% көбейтті. Банк қазақстандықтарға барлық түрдегі депозиттердің кең спектрін ұсынады: шешіп алуға болатын, алуға болмайтын және жинақ депозит бар.
Бұл қаржы институтындағы депозиттің қарқынды көбейіп келе жатқанын қазақстандықтар ғана емес, халықаралық сарапшылар да байқщап отыр. Үздік үштіктегі Fitch Ratings рейтинг агенттігі жақында ForteBank-тің ұзақ мерзімді эмитенттік дефолт рейтингін «ВВ−» көрсеткішінен «ВВ» көрсеткішіне дейін және банктің тұрақтылық рейтингін «bb−» көрсеткішінен «bb» көрсеткішіне дейін көтерді. Рейтинг болжамы «Тұрақты». Сонымен қатар, Fitch ұлттық ұзақ мерзімді рейтингті «A−(kaz)» деңгейінен «A(kaz)» деңгейіне көтерілді.
Fitch Ratings банктің ішкі тұрақтылық факторларына, атап айтқанда, елеулі капитал мен өтімділік резервтеріне, сондай-ақ жоғары операциялық тиімділік пен табыстылыққа назар аударды. Сарапшылар сонымен қатар ForteBank банктік қызметтердің әмбебап спектрін ұсынатынын атап өтті.

Жеке тұлғалардың депозиттерінің ай сайынғы өсімі бойынша Jusan Bank ірі банктер арасында екінші орынды иеленді: 1,3% көбейіп, 639,5 млрд теңгеге жетті. Дәл осындай өсіммен Фридом Финанс Қазақстан банкі де жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемін 446,9 млрд теңгеге дейін арттырып, алғашқы үштікке енді.
Алғашқы ондықтағы 8 банк бір айда депозиттерін көбейтті, ал жалпы 21 ЕДБ-ның 18-і бір айда депозиттерін ұлғайта алған.
Банк депозитіндегі жеке тұлғалар депозитінің үлесі бір жыл бұрын 50,3%, он жыл бұрын 38,7% болса, қазір 56,5%. Осылайша, халықтың депозиттері ҚР ЕДБ қаржыландырудың негізгі көзіне айналады.
