2023 жылы қаңтар–тамызда ақша аудару жүйесі (ААЖ) арқылы шетелге жіберілген қаражат көлемі 624 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар–тамызымен салыстырғанда 9% аз. Транзакциялар саны 3,2%, 1,7 млн-ға дейін өсті, яғни бір аударым орташа есеппен 11,8%, 369,5 мың теңгеге дейін қысқарған.
ААЖ арқылы шетелден түскен қаражат көлемі бұдан да айтарлықтай төмендеді: бірден 2 есе, 2023 жылдың қаңтар–тамызында 210,5 млрд теңгеге дейін төмендеді. Транзакциялар саны 27,2% азайды. Шетелден алынған бір аударымның орташа көлемі 2022 жылы қаңтар–тамызда 410,9 мың теңге болса, 2023 жылы қаңтар–тамызда 276,2 мың теңге болды.

ААЖ арқылы шетелге жіберілген ақшаның жалпы көлемінің 75,7%-ы тек үш елдің үлесіне тиді: Өзбекстан (биыл қаңтар–тамызда 178,7 млрд теңге), Ресей (151,4 млрд теңге) және Түркия (142,6 млрд теңге).
Оның үстіне Өзбекстан мен Түркияға аударым көлемі азайса (тиісінше 11,4% және 12,8%), Ресейге аударым, керісінше, 29,1% өсті.
Грузияға да көп ақша жіберілді: 60,3 млрд теңге.

2023 жылдың қаңтар–тамызында ААЖ арқылы шетелден түскен қаражат көлемі бойынша Ресей көш бастап тұр: 80,5 млрд теңге. Бұл ретте бір жылдағы көрсеткіш 2,8 есе азайған.
Одан кейін Өзбекстан (22,6 млрд теңге), Оңтүстік Корея (22,4 млрд теңге) және АҚШ (22 млрд теңге).

Шетелге жіберілген қаражат көлемінің 80%-ға жуығы бір ғана жүйенің — «Золотая Корона» үлесіне тиді: 496,2 млрд теңге. Одан кейін Contact (70,9 млрд теңге), Western Union (37,4 млрд теңге) және MoneyGram (10,1 млрд теңге). Басқа ААЖ арқылы 9,6 млрд теңге ғана жіберілген.
Шетелден алынған қаражаттың жартысынан сәл астамы тек «Золотая Корона» үлесіне тиесілі: 105,7 млрд теңге. Одан кейін Western Union (45,3 млрд теңге), MoneyGram (25,6 млрд теңге) және Contact (8,8 млрд теңге). Басқа ААЖ көмегімен шетелден 25 млрд теңге алынды.
