Халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерді тұрақты түрде бағалайды. Өткен тамыз айының қорытындысы бойынша, агенттіктер қазақстандық үш банктің рейтингін жаңартты, бірақ нәтиже барлығы үшін әртүрлі.

2023 жылғы 31 тамызда Fitch Ratings ForteBank эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «BB−» деңгейінен «BB» деңгейіне дейін, сондай-ақ банктің тұрақтылық рейтингін «bb−» деңгейінен «bb» деңгейіне дейін көтерді. Рейтинг болжамы «Тұрақты». Сонымен қатар, Fitch ұлттық ұзақ мерзімді рейтингті «A−(kaz)» деңгейінен «A(kaz)» деңгейіне көтерді. Рейтингті көтеру бұдан былай банктің бизнес профиліне, активтердің сапасына және капиталдандыруға елеулі кері әсерін тигізбейтін бұрынғы несиелерді қоса алғанда, жоғары тәуекелді таза активтердің айтарлықтай төмендеуін көрсетеді. Рейтингті көтеру сонымен қатар қаржы институтының соңғы төрт жылдағы жоғары табыстылық тарихын және оның жоғары өтімділік профилін ескереді.

Сондықтан бағалау жақсы капитал мен өтімділік жастықтарын, сондай-ақ жақсы операциялық табыстылықты ескереді. ForteBank банктік қызметтердің әмбебап спектрін ұсынатыны және тұтынушылық несиелеуге және шағын және орта бизнесті несиелендіруге баса назар аударумен қатар, қазақстандық ірі компанияларға, оның ішінде экспортқа бағытталған компанияларға тұрақты қолжетімділікке ие екендігі атап өтілді.

Биыл 24 тамызда корпоративтік басқару мен тәуекелдерді басқарудағы мүмкін кемшіліктерге байланысты S&P Global Ratings Freedom Holding Corp. және топтың еншілес ұйымдарының, соның ішінде Фридом Финанс Қазақстан банкінің рейтингін теріс күтумен CreditWatch тізіміне орналастырды.

2023 жылғы 17 тамызда S&P Global Ratings Нұрбанктің рейтингін «Тұрақты» болжамымен «B−/B» деңгейінде растады.

Соңғы жылдары халықаралық рейтингтік агенттіктер ҚР банк секторының тұрақтылығы мен сенімділігіне оң баға береді. 4 қыркүйекте S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі елдің тәуелсіз несиелік рейтингін талдау аясында Қазақстанның жаңартылған шолуын жариялады. Несие рейтингі «BBB−» және «Тұрақты» болжамы өзгеріссіз қалды. Шолуда сарапшылар Қазақстанның қаржы секторындағы активтер сапасының айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Экономикалық өсуге және елдің банк секторына геосаяси факторлардың әсері қалыпты деп бағаланады, қаржылық тұрақтылыққа төнетін тәуекелдер бақылауда.

ҚР-ның барлық ЕДБ пруденциалдық нормативтерге сәйкес келетінін және меншікті капитал түріндегі маңызды қауіпсіздік қорына ие екенін атап өткен жөн. Банктердің меншікті капиталы жыл басынан бері 13,6% өсіп, шілденің аяғында 5,9 трлн теңгеге жетті. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) 18,8%, меншікті капиталдың коэффициенті (k2) 21,5%. Бұл көрсеткіштер заңнамада белгіленген стандарттардан айтарлықтай асып түседі және банк секторындағы ықтимал тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде, ҚР ЕДБ жоғары өтімді активтері 14 трлн теңгені немесе активтердің 30%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Негізгі көрсеткіштерден басқа, ҚР ЕДБ тиімділігінің өсуімін атап өтуге болады. Банк секторының кірісі 1,2 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84,1% көбейген. Активтердің кірістілігі (ROA) бір жылда 3,1%-дан 4,63%-ға, ал меншікті капиталдың кірістілігі (ROE) 25,2%-дан 37,6%-ға дейін өсті.

Осылайша, халықаралық рейтингтік агенттіктердің оң бағалары банктердің ішкі көрсеткіштерімен де расталады.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, ҚР-да 21 банк жұмыс істейді, олардың 11-і шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8 еншілес ұйым ЕДБ және 100% мемлекеттің қатысуымен 2 банк бар.