2022 жылғы экологиялық тиімділік индексі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 178 елдің ішінде 92-орында болды. Республика индексі 40,9 — бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, ел экология саласында соғұрлым тиімдірек. Индекс экожүйенің өміршеңдігі, қоршаған ортаның денсаулығы және климаттың өзгеруін бағалау сияқты көрсеткіштерді ескереді.

Алғашқы үш орынды Дания, Ұлыбритания және Финляндия иеленсе, Үндістан рейтингтің соңында.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан тізімнің ортасында. Экологиялық жағдай Украина*, Беларусь, Армения және Молдова сияқты елдерде жақсырақ, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстанда нашар.

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

Биыл қаңтар–қазанда Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі инвестиция 173,5 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғыдан 2,4 есе көп.

Өңірлер бойынша ең көп қаржы Ақмола облысынан түсті: бір жыл бұрынғы 9,1 млрд теңгемен салыстырғанда 113 млрд теңге. Ақшалай өсім 12,4 есе.

Үздік үштікке Атырау (30,1 млрд теңге, 40,4% көбейген) және Түркістан (10,7 млрд теңге, жылдық өсім — 3,1 есе) облыстары да кірді. Бұл салаға ең аз қаржы Ақтөбе облысында салынған: небәрі 3,5 млн теңге (былтыр 2,6 млрд теңге болған).

Биыл қоршаған ортаны қорғауға күрделі инвестиця ҚР-ның 20 өңірінің 10-да ғана байқалды (былтыр 17 өңір болған).

Қоршаған ортаны қорғауға бөлінген барлық қаражаттың 73,8%-ы кәсіпорындардың меншікті қаражаты: 128,1 млрд теңге — былтырғыдан бірден 4,2 есе артық.

Қарыз қаражат 39,5 млрд теңге (бір жылда 5,4% көбейген), банк несиесі — 5,7 млрд теңге (жылдық өсім — 3,4 есе), бюджет қаражаты — 195,2 млн теңге (93,5% азайған).