ҚР-да халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау және қолдау мақсатында тұрғын үй көмегінің жүйесі жұмыс істейді. Бұл аз қамтылған азаматтардың отбасылық бюджетіне тұрғын үй және коммуналдық шығындардың қысымын жеңілдетуге арналған арнайы төлем.

Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджеттерден төленеді және мына шығындарды өтеуге бағытталған:
• кондоминиум мүлкін басқару және нысанның ортақ мүлкін күтіп-ұстау, оның ішінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін;
• коммуналдық қызметтерге (жылу, электр, су, газбен қамту, кәріз) және байланыс қызметтері (телекоммуникация желісіне қосылған телефондар үшін абоненттік төлемнің өсуі).

Мұндай отбасылық шығынедардың рұқсат етілетін шекті мөлшерін жергілікті мәслихат белгілейді. Заңға сәйкес, бір тоқсандағы отбасының орташа айлық жиынтық табысының 10%-нан аспауы керек. Бұл сомадан артық болса мемлекет өтемақы төлейді. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу мысалын төменде көруге болады.

Ескерту: бұрын шекті мән отбасының орташа айлық жиынтық табысының 20%-нан аспауы тиіс болған. Тұрғын үй көмегін есептеу тетігінің шекті мәнін төмендету қазақстандықтар үшін тиімді: көмек көлемі ұлғайып, халыққа көмек көлемі көбейеді.

Мәслихаттардың шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейін 10%-дан төмен түсіруге мүмкіндігі бар — бұл тармақ олардың қалауына қалдырылған. Бұл жағдайда тұрғын үй көмегінің мөлшері артады.

Азаматтардың коммуналдық қызметтерге шығындары өссе, олардың шығындарының өтемақысы да тиісінше артады. Осылайша, аз қамтылған азаматтардың шығындары өзгермейді.

Тұрғын үй көмегін алу үшін «„Азаматтарға арналған үкімет“ мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на және eGov.kz арқылы онлайн өтініш беруге болады.

2022 жылы мемлекет 53,6 мың қазақстандық отбасына (бір жылда 80,8% көбейген) 1,2 млрд теңге (бір жылда 2,8% көбейген) тұрғын үй көмегін төледі. Екі жылда 83,2 мың отбасы тұрғын үй көмегін алып, жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеден асты.

Тұрғын үй көмегін алған отбасылардың ең көп саны Қызылорда облысында болды: 2022 жылы 10,5 мың отбасы, 2021 жылы 4,6 мың отбасы. Алушылардың айтарлықтай саны Қостанай (2022 жылы 6 мың отбасы және 2021 жылы 3 мың отбасы), Жамбыл (2022 жылы 7,9 мың отбасы және 2021 жылы 4 мың отбасы), Қарағанды (2022 жылы 4,7 мың отбасы және 2021 жылы 2,3 мың отбасы), Алматы (2022 жылы 4,1 мың отбасы және 2021 жылы 1,3 мың отбасы) облыстарында байқалды.

2022 жылы аталған өңірлердегі көмек көлемі Қызылорда облысында 312,1 млн теңге, Қостанай облысына 68,1 млн теңге, Жамбыл облысына 31,9 млн теңге, Қарағанды облысына 75,3 млн теңге, Алматы облысына 110,9 млн теңге болды.

Биыл бірінші жартыжылдықта 30,8 мың отбасы тұрғын үй көмегін алды, жалпы сомасы 630,5 млн теңге.

Алушылардың басым бөлігі Жамбыл облысында тұрады: 5,5 мың отбасы, тұрғын үй көмегінің көлемі 76,7 млн теңгені құрады. Одан кейінгі орында Қызылорда облысы: 4,4 мың отбасы және оларды қолдауға 139,6 млн теңге берілді. Қарағанды облысы тұрғын үй көмегін ең көп алушылар тұратын өңірлердің үштігін жапты: 3,8 мың отбасы және 47,6 млн теңге.

Бұл ретте, тұрғын үй көмегінің жалпы көлемі бойынша Түркістан облысы үздік үштікке енді: төлемдер көлемі 91,1 млн теңгені, ал отбасы саны — 2,2 мың.

Осылайша, тарифтер өзгерсе, шығындарды өтеу үшін тұрғын үй көмегінің мөлшері пропорционал өзгереді.