Айырбастау пункттерінің қазақстандықтар арасында танымал АҚШ доллары мен еуроны таза сатуы былтырғымен салыстырғанда төмендеді. 2023 жылдың қаңтар–қарашасында АҚШ долларының таза сатылымы 1,55 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% аз. Еуро көрсеткіші бір жылда 27,7%, 201,96 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Биыл он бір айыа айырбастау пункттерінің ресей рублін таза сатуы мүлдем теріс мәнді көрсетті: минус 1,7 млрд теңге (яғни, қазақстандықтар рубль сатып алғаннан сатуды көбейткен). Былтыр көрсеткіш оң мәнде болып, бірден 275,06 млрд теңге болған.

Қазақстандықтар қытай юаніне айтарлықтай қызығушылық таныта бастады. 2023 жылғы қаңтар–қарашада ҚР айырбастау пункттерінің осы валютаны таза сатуы шамамен 1 млрд теңгені құрады — бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9% және коронадағдарысы алдындағы 2019 жылғыдан 2 есе көп.

ҚР өңірлері арасында АҚШ доллары мен еуроны таза сатудың ең көп көлемі ірі мегаполистерде болды. Мәселен, Алматыда АҚШ доллары мен еуроны таза сатылымы тиісінше 415,1 млрд және 82,6 млрд теңге, Шымкентте — 336,9 млрд және 38 млрд теңге, Астанада — 143 млрд және 28,3 млрд теңге. Бұл ретте еуропалық валютаны таза сатудың теріс көлемі тек Ақмола облысында ғана байқалды: минус 174 млн теңге.

Биыл Ресей рублінің оң таза сатылымы ҚР-ның 20 өңірінің 12-де ғана байқалды. Ең көп көлем Шығыс Қазақстан (12,6 млрд теңге), Қарағанды (9,3 млрд теңге) және Ақмола (6,1 млрд теңге) облыстарына тиесілі. Таза сатылымның теріс мәні ең көп Алматы (минус 19 млрд теңге) және Астанада (минус 15,7 млрд теңге) тіркелді.

2023 жылдың қаңтар–қараша айларында қытай юанінің таза сатылымы ең көп Алматы (284,8 млн теңге), Астана (271,6 млн теңге) және Павлодар облысында (103,4 млн теңге) болды. Теріс мән Маңғыстау (минус 1,2 млн теңге) және Түркістан (минус 0,1 млн теңге) облыстарында ғана байқалды.

2023 жылғы қарашадағы АҚШ долларының ресми бағамы орташа есеппен 463,56 теңгені құрады, бұл биыл қазандағы орташа деңгейден 2,7%, ал 2022 жылғы қарашадағыдан 0,05% ғана төмен. Қарашада еуроның орташа бағамы 500,13 теңгені құрады, бұл өткен аймен салыстырғанда 0,6% төмен, бірақ 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 6% жоғары.

Ресей рублінің бағамы, керісінше, бір айда 4,5% өсіп, былтырғымен салыстырғанда 32,7% төмендеді. Қытай юанінің ресми бағамы 2023 жылдың қарашасында 64,08 теңге болды — бір ай бұрынғыдан 1,8%, ал былтыр қарашадағыдан 0,7% төмен.