Биылғы қазан айында ҚР-да халықтың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі 12,6%, шетел валютасында небәрі 0,9% болды. Бұл ретте республикадағы инфляция деңгейі 18,8%-ға жетті. Сонымен қатар, желтоқсанда жылдық инфляция 19,6%-ға дейін өсті.

Бұл сценарийде қаражатты банктерде сақтау іс жүзінде шығынға ұшыратады, яғни қазақстандықтар инвестициялаудың басқа жолдарын іздеуі керек. Таңдау бар — атап айтқанда, акциялар және басқа да бағалы қағаздар, бағалы металдар және т. б. — бірақ бұндай инвестиция барлығына бірдей қол емес. Ал қарапайым, қолжетімді және ұтымды инвестициялаудың кем дегенде бір нұсқасы бар. Ол — тұрғын үй.

Қазақстандықтардың көптеген басқа елдердің тұрғындарынан айырмашылығы, қаражатты жылжымайтын мүлікке — тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне айырбастаудың ерекше мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн. Бұл жүйе кәдімгі депозиттен айырмашылығы, жеңілдетілген тұрғын үй несиесі арқылы қысқа мерзімде баспана алу үшін ақша жинап, жеке жылжымайтын мүліктің иесі болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекет тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларды қолдайды: жыл сайын мемлекеттік бюджеттен жинақтау кезеңінде сыйлықақы төлеуге қаражат бөлінеді — 200 АЕК-ке дейінгі сомаға 20% қосылады.

Бүгінгі таңда еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейтін жалғыз банк — Отбасы банкі. Осы жүйе аясында ҚР-да үш ипотекалық несиенің екеуі беріледі және республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының 26%-дан астамы оның қатысушыларына айналды.

Ұзақ мерзімді динамикада азаматтардан арнайы дағдылар мен кәсіби білімді талап етпейтін басқа пассивті инвестициялық тәсілдермен салыстырғанда тұрғын үй жылжымайтын мүліктеріне инвестиция салу барынша тиімді.

Айталық, 2021 жылдың соңында ҚР-да жалпы баға 2005 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,5 есе өсті. Осы кезеңде АҚШ доллары 3,2 есе, еуро 3,1 есе қымбаттады. Сонымен қатар қайталама нарықтағы тұрғын үй (яғни инвестиция ретінде сатып алынған жылжымайтын мүлікті қайта сату) осы кезеңде бірден 4,6 есе қымбаттады.

Оның үстіне, инвестиция ретінде баспананың тағы бір артықшылығы, құнын арттырумен қатар, тұрғын үйді жалға беру кезінде табыс әкеледі. Жоғарыда аталған уақытта жалдау бағасы 3,6 есе қымбаттады. Яғни, жылжымайтын тұрғын үй бағасының қымбаттауы және жалдау ақысының қымбаттауы инфляцияны ғана емес, құнсыздану шығынын да айтарлықтай басып озды, бұл тұрғын үйдің инвестиция ретіндегі кірістілігін де, сенімділігін де көрсетеді.

Биылдың өзінде қараша айының қорытындысы бойынша 2005 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда АҚШ долларының құны 3,5 есе, ал еуро 3 есе өсті. Осы кезеңде қайталама нарықтағы тұрғын үй бірден 5,7 есе, ал оны жалдау ақысы 5,4 есе қымбаттады.

Яғни, тұрғын үйді инвестиция ретінде пайдаланудың тиімділігі сақталып қана қоймай, әсіресе соңғы жылдардағы дағдарыс кезеңдерінде күшейе түсуде.