Былтыр қаңтар–желтоқсан аралығында еліміздегі 20 өңірдің 13-де 93 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді, бір жыл бұрынғы 85 мектеп салынған. Жылдық өсім 9,4%.
Бұл мектептерде 46,9 мың оқушы орны бар, бұл бір жыл бұрынғыдан 7% аз. Өңірлер бойынша оқушы орындардың ең көп саны Түркістан облысында салынды: 11,4 мың орын, жылдық өсім 35,1%. Үздік үштікке сондай-ақ Шымкент (5,6 мың орын) және Атырау облысы (5,6 мың орын) кірді.
Салынған нысандардың нақты құнына келетін болсақ, көрсеткіш 210,2 млрд теңгені құрады, бұл былтырғымен салыстырғанда құндық мәнде 23,6% артық. Мұнда да Түркістан облысы көш бастады: 49,5 млрд теңге. Үздік үш өңірге Атырау облысы мен Астана да кірді.

2023 жылдың үшінші тоқсанында бастауыш білім беру саласында қызмет көрсету көлемі 110,7 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 21,4% артық. Негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызметтер осы кезеңде 526,1 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 18,2% өсті.
Өңірлер бойынша бастауыш білім беру саласында ең көп қызмет Түркістан облысында көрсетілді: 22,2 млрд теңге, бір жылда 12,6% көбейген. Үздік үштікке Жамбыл облысы (15,3 млрд теңге) мен Алматы (12,4 млрд теңге) қаласы да кірді.
Негізгі және жалпы орта білім беру саласында ең көп қызмет Алматы облысында көрсетілді: 58,3 млрд теңге, 21,5% көбейген. Одан кейін Түркістан облысы (50,5 млрд теңге) мен Алматы (38,8 млрд теңге) келеді.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының (БИҚҚ) есебінен 15 мыңға жуық оқушы орыны бар 20 жаңа мектеп салынатынын хабарлады. Былтыр қордан 96 млрд теңгеге 76,7 мың оқушы орнына арналған 62 жоба қаржыландырылды.
