Биыл күзде қазақстандық банктердегі депозит 32,2 трлн теңгеге жетіп, былтырғыдан 57,7 млрд теңгеге немесе 0,2% көбейді. ҚР-дағы 21 ЕДБ-нің 14-і көрсеткіштерін көбейтсе, қалған 7 банкте керісінше, азайды.

Депозит көлемінің ай сайынғы өсімі бойынша абсолютті көшбасшы Отбасы банкі: 89,1 млрд теңгеге көбейіп, 2,5 трлн теңге жетті. Бір жыл ішінде банк өзінің депозиттік базасын 386 млрд теңгеге ұлғайтты.

Jusan Bank айлық өсім бойынша екінші орынға шықты: 71,5 млрд теңгеге ұлғайып, 1,3 трлн теңгеге жетті. Үздік үштікті негізінен заңды тұлғалармен жұмыс істейтін америкалық еншілес ұйым Ситибанк Қазақстан жапты: 20,2 млрд теңгеге көбейіп, 855,9 млрд теңгеге жетті.

Altyn Bank қытайлық еншілес ұйым (12,9 млрд теңгеге ұлғайып, 699,7 млрд теңгеге жеткен) және еуропалық Home Credit Bank (11,2 млрд теңгеге көбейіп, 310 млрд теңгеге жеткен) айтарлықтай өсім көрсетті.