2023 жылдың екінші тоқсанында үй шаруашылығының азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған шығыны 13,9% өсіп, 421,1 мың теңгені құрады.

Бұл шығынның азық-түлік тауарларына жұмсалған барлық шығындардағы үлесі 92%, жалпы тұтыну шығынындағы үлесі 52%.

Салыстыру үшін: былтыр сәйкес кезеңде азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған шығын 369,8 мың теңгені құрап, бір жылда 9,6% көбейді.

Өңірлер бойынша азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға ең көп шығын Түркістан облысының тұрғындары арасында тіркелді: бір тоқсанда 557,5 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 13,9% артық.

Одан кейін Маңғыстау (551,6 мың теңге, 10% көбейген), Атырау (512,4 мың теңге, 14,5% көбейген), Ұлытау (502,5 мың теңге, 30% көбейген) және Алматы (484,3 мың теңге, 7,6% көбейген).

Азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға шығынның жыл сайынғы ең үлкен өсімі Ұлытау облысында, ең азы Павлодар облысында байқалды.

Үй шаруашылықтарының азық-түлік және алкогольсіз сусындарға жұмсалған шығынның құрылымында ең көп үлесті (33,4%) ет және ет өнімдері алып отыр: республика бойынша орта есеппен 140,6 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 14,7% артық.

Екінші орында нан өнімдері мен жарма өнімдері: 64,5 мың теңге, 15% көбейген. Үздік үштікті сүт өнімдері толықтырды, қазақстандықтар 44,7 мың теңге жұмсады, бұл 2022 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 21,4% артық.

Ел тұрғындары жеміске 35,1 мың теңге, көкөніске 34,3 мың теңге, қант, кондитерлік өнімдер мен тәттіге 28,1 мың теңге, май мен тоңмайға 22,7 мың теңге, алкогольсіз сусындар мен балық пен теңіз өнімдерінің әрқайсына 17,6 мың теңге, жұмыртқаға 9,1 теңге жұмсады.