2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандық банктердің несие портфелі жаңа межені бағындырып, 46 трлн теңгеден асты. Тамыз айында бұл көрсеткіш 2,8%-ға өсті. Оның үстіне бұл – соңғы 12 айдағы ең жоғарғы айлық өсім, осылайша, тамыз айы елдің биылғы кредит нарығындағы ең белсенді кезеңдерінің біріне айналды.

Қазақстандағы 23 ЕДБ-нің 17-сі оң динамика көрсетті. Қалған алты банктің несие портфелі бір ай ішінде қысқарды. Бұл ретте банктік сектордың ең ірі қатысушылары бұрынғыша өсімнің негізгі қозғаушы күші болып қалады.

Несие портфелінің көлемі бойынша үздік ондыққа кіретін банктер арасында айлық өсім қарқыны бойынша ForteBank көш бастады: тамыз айында бұл көрсеткіш 6,3%-ға артты. Банктің несие портфелі де алғаш рет 3 трлн теңгеден асып, тарихындағы ең жоғары көрсеткішін жаңартты.

ForteBank-тің көш бастауы кездейсоқ емес: қаржы институты халыққа, сол сияқты бизнеске арналған өнімдердің кең таңдауын ұсынады. Мәселен, банк 5 жылға дейінгі мерзімге 9,5 млн теңгеге дейінгі сомаға тұтынушылық кредиттерді кепілсіз қайта қаржыландырудың нарықтағы ең тиімді шарттарының бірін ұсынады. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ) – 18,7%-дан 46,0%-ға дейін. Бұл өнім бірнеше кредитті бір қарызға біріктіруге және оларға қызмет көрсетуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Кредит бергені үшін және мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия көзделмеген.

Қазақстандағы ірі ЕДБ арасында несие портфелінің айлық өсімі бойынша екінші орынға Kaspi Bank жайғасты: оның көрсеткіші 3,6%-ға артып, 8,4 трлн теңгеге жетті.

Үздік үштікті несие портфелін 3,5%-ға, яғни 1,7 трлн теңгеге дейін арттырған Bereke Bank тұйықтады.

Ал үздік бестікке Halyk Bank пен Home Credit Bank кірді: олардың несие портфельдері бір ай ішінде сәйкесінше 3%-ға және 2,9%-ға өсті.

Кредит беру не үшін жеделдеп кетті?

Тамыз айындағы жоғары динамика бірнеше фактордың ұштасуымен түсіндірілуі мүмкін. Олардың бірі — ұзақ уақыт сақталған қатаң ақша-кредит саясатынан кейін ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендетуі. Барлық өзге жағдайлар сақталғанда, ақша-кредит режимінің жұмсаруы банктер үшін қорландыруды біртіндеп арзандатуға әрі кредит өнімдерінің құнын төмендетуге ықпал жасайды.

Жеке тұлғалар мен бизнеске арналған ұсыныстарды дамытып, өнімдер желісін кеңейтетін және қолданыстағы кредиттерді біріктіруге әрі борыштық жүктемені оңтайландыруға мүмкіндік беретін қайта қаржыландыру құралдарын ұсынатын ҚР ЕДБ арасындағы бәсекелестік кредит нарығын қосымша ынталандырады. Мұның барлығы жекелеген кредит өнімдерінің қолжетімділігін арттырып, қарыз қаражатына деген сұранысты қолдайды.

Осылайша, тамыз айы Қазақстанның кредит нарығы үшін нәтижелі кезең болды: банктер несие портфельдерін өсіруді жеделдетті, ал кредит берудің жалпы көлемі бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді.