Қазақстан қаржы айналымы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуге сенімді түрде аяқ басуда. Қазақстанда айналымда 80,6 млн төлем картасы бар (бір жылда 9,7% қосылды), оның ішінде 40,5 миллионы белсенді пайдаланылады (плюс 7,2%).
Республикамызда қазақстандық және шетелдік эмитенттердің карточкалары бойынша қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдердің көлемі он ай ішінде 132,4 трлн теңгеден асты, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда, бірден 15,5%-ға көп. Төлем карталары бойынша жалпы қаражат айналымына шаққанда қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі қазірдің өзінде 86,5%-ды құрап отыр.
Ал қолма-қол ақшасыз жасалатын транзакциялар саны 10,4 миллиардқа жетті, бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда, 11,6%-ға көп. Төлем карталары бойынша барлық транзакцияларға шаққанда қолма-қол ақшасыз жасалған транзакциялардың үлесі рекордтық 98,1%-ды құрады.
Банктер мен бизнес халыққа қолайлы болатын төлем инфрақұрылымын дамыту үшін бірлесіп күш салуда. Мәселен, үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша төлем карталарын қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 1,1 миллионнан асты (бір жылда 22,7% қосылды), ал бұл компанияларда қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған құрылғылардың саны 1,3 миллионға жетті (бірден 32,3% қосылды).
Демек, Қазақстанда эквайрингтік қызметтер сұранысқа ие және кеңінен қолданылады. Естеріңізге салсақ, эквайринг — бұл бизнеске POS-терминалдар арқылы немесе онлайн түрде төлем қабылдауға мүмкіндік беретін банктік карталармен төлемдер қабылдау процесі. Ол клиенттерге ыңғайлы болу үшін және клиенттік базаны кеңейту үшін, қолма-қол ақша айналымын азайту және транзакциялардың жылдамдығы мен ашықтығын арттыру үшін қажет. Осылайша кәсіпкерлер сату көлемін ұлғайтады және төлемдерді есепке алуды жеңілдетеді.
Нарықта күн санап барынша ыңғайлы жаңа өнімдердің қатары толығуда. Мысалы, ForteBank жаңа POS-терминалдарды, сондай-ақ карталар бойынша және де ApplePay, SamsungPay, GooglePay бойынша төлемдерді қабылдау үшін Android негізіндегі қарапайым смартфонды мобильді терминалға айналдыруға мүмкіндік беретін FortePOS мобильді қосымшасын ұсынады. Терминалдар кассалық жүйелермен, төлемдерді фискалдаумен біріктірілген және клиенттер үшін қолжетімді тарифтер көзделген. Мысалға, ForteBank карталары бойынша жеке кәсіпкерлер үшін 0,5% және басқа ЕДБ карталары бойынша 0,8%; заңды тұлғалар үшін де қолайлы шарттар қарастырылған. Сонымен қатар, ForteBank күн сайын және де демалыс, мереке күндері де эквайринг бойынша қаражат аударады. ForteBusiness мобильді қосымшасында немесе банк сайтында өтініш беру арқылы онлайн қосыла аласыз.
Шағын және орта бизнес, жеке кәсіпкерлік үшін қолжетімді және арнайы қымбат жабдықты қажет етпейтін мұндай ұсыныстар ШОБ кәсіпорындары үшін, яғни, супермаркеттер, медициналық орталықтар, автосервистер, кафелер мен мейрамханалар, дәріханалар, білім беру салалары және басқалар үшін барынша ыңғайлы.
Басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанда эквайрингті және жалпы қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдер сегментін дамыту бойынша банктердің белсенділігі қандай? Біз мұны анықтауды жөн санадық, бұл тұрғыда Қазақстан тіпті ірі әлемдік экономика аясында да айтарлықтай ерекше көрсетікш көрсетіп отыр.
Мәселен, «РИА Новости» деректеріне сүйенсек, G-20 «Үлкен жиырмалық» клубының экономикасында 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы айналымдағы қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер үлесі бойынша Қытай 96,3%-бен үздік көрсеткішке ие болды. Үздік бестікке Аустралия (89%), АҚШ (88%), Канада (86%) және Ұлыбритания (85%) да енді. Көрші Ресей елі 83,4% көрсеткішімен 7-ші орынға жайғасты.
Егер Қазақстанның 2023 жылғы көрсеткіштерін негізге алсақ, қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдердің үлесі елдегі төлем карталары бойынша барлық қаражат айналымының 86,2%-на жетіп, біздің еліміз «үлкен» көшбасшылардың үштігінен ғана артта қалып, G-20-ға мүше барлық басқа елдер мен экономикаларды басып озуда.
Айта кетерлігі, G-20 клубына кіретін Еуропалық одақ бойынша деректер жоқ, себебі одақ елдеріндегі жағдай өзгеше, алайда ЕО елі Швеция әлемде топ-1 болып саналады, оның қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесі 98%-ды құрайды. Сондықтан, бізге әлі де алға ұмтылу керек, бұл жолда жаңа тиімді ұсыныстары мен өнімдері бар қарқынды дамып келе жатқан банк секторы негізгі драйвер болатыны анық.