Қазақстан жеңіл көліктердің экспортын шамамен 17 есе қысқартты. Соңғы бірнеше жылда көліктерді шетелге сату көрсеткіштерінің күрт төмендеуі алғаш рет байқалды. ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар–маусым айларында ҚР басқа елдерге 554 көлік шығарылды. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында экспортталған көліктердің саны 9,2 мыңға жуық болды.

Статистикаға сәйкес, Қазақстан 2018 жылдан бастап жеңіл көліктің экспортын жоспарлы түрде ұлғайтып отырған. Ол Қазақстанда құрастырылған автомобильдерді Ресейге, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа елдерге сатудың арқасында болса, сонымен қатар реэкспорт та әсер етті. 2021 жылы Қазақстаннан шетелге сатудың максималды көрсеткіші тіркеліп, 11,3 мың авто шекарадан шығарылды.

Қазақстанда көліктердің бас импорттаушысы Ресей болған. РФ көліктерді ҚР экспортында бірден 92,6% үлесін иемденді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында шетелге сатылған 9,1 мың көліктен, 8,4 мың дәл ресейлік қалаларына кеткен болатын. Дегенмен, ағымдағы жылдың қаңтар–маусым айларында РФ небәрі 115 көлік сатылған. Евразиялық экономикалық комиссия енгізген ЕАЭО қауіптерді басқару жаңа жүйесі істемей тұрып, негізгі бөлігі бірінші тоқсанға келді. Естеріңізге салайық, 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап, ЕАЭО кез келген мемлекетінде кедендік тазартудан өткен, Ресейге көліктерді кіргізу кезінде бұрынғыдай арнайы шарттар жойылды. Ендігі кезекте РФ көліктерді жеткізушілер кіргізілетін автомобильдің кедендік құны төмендетілген жағдайда, осындай көліктің орташа бағаға негізделген айырмашылығын төлеуге мәжбүрлі. Жаңа ережелер делдалдардың Ресейге жеткізумен айналасудың коммерциялық қызуғышылығынан айырады.

Осы себепге сәйкес, Қазақстаннан ЕАЭО басқа елдеріне де көліктерді жеткізу көрсеткіші азайды. Мысалы, кедендік статистикасына сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Беларусь еліне көлік экспорты 18 есе азайса, Қырғызстанға — 27,5% төмендеді.

Қаңтар–маусым айларындағы пайдалану және ресурстар балансы ҰСБ есептерінде келесі тенденцияны байқауға болады. Өткен жылдың экспорт көрсеткіштері жоғары болуына байланысты, 2024 жылы осы тауарды жалпы пайдалану көлемі 3,4% төмендеген. 2024 жылыдң жарты жылында ішкі және сыртқы нарықта 127,6 мың көлік сатылған болса, бір жыл бұрынға қарағанда — 4,5 мың аз.

Импорт саланың ресурстарында басты рөл атқарады. Оған барлық автомобильдердің 55,3% келеді. Бірінші жартыжылдықта ресурстардағы меншікті өндіріс үлесі 44,7% құрады. Ал өткен жылы көшбасшылық «біздікілерде» болған еді: Қазақстанның автомобиль өнеркәсібінің меншікті үлесі 50,4% жеткен.

Өндірісті қысқарту есебінен ішкі нарықта отандық көлік өндірушілері көшбасшылықты жіберіп алды. 2024 жылдың қаңтар–маусым айларында зауыттан 57,1 мың жеңіл көлік шығарылды, өткен жылдың аталмыш уақыт мерзімінде 9,5 мың аздау болды. «Қазақстандық көлікті одақ» заңды тұлғалардың қауымдастығының директоры Анар Мақашеваның мәлеметінше, өндірістік көрсеткіштердің төмендеуі ішкі нарықтағы өзгерістерге қазақстандық көлік өндірушілердің реакциясы болды. Ел бойынша «ЕАЭО техникалық талаптарына сәйкес келмейтін, әрі ескі көліктердің бақыланбайтын және белгісіз делдалдармен жаңа автомобильдердің импорты» байқалады. Дереккөзге сәйкес, ағымдағы жылдың алғашқы алты ай ішінде жаңа жеңіл көліктерді шығару қысқартылғанын ең ірі көлік өндірушілері көрсетті: бір жыл бұрғынға қарағанда Allur 12,5% аз өндірсе, Hyundai Trans Kazakhstan — 22,4% кем болды.

Ал жалпы Қазақстанда жеңіл көліктердің ішкі нарығы өсуді жалғастырып жатыр. ҰСБ мәліметтеріне сәйкес, ҚР өткен жылы соңғы бірнеше жыл ішінде максималды — 279,6 мың көлік өндірілді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында алынған қарқын сақталды, қаңтар–маусым ішінде 127,1 мың жеңіл көлік сатылып үлгерген. Өткен жылғы сияқты, брендттер арасындағы көшбасшылық Hyundai қалды. Ең үздік үштікке Kia мен Chevrolet ілікті.