2023 жылғы қыркүйектің аяғында ҚР ЕДБ реттеушінің меншікті капиталы 6,9 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 21%-ға артқан.
Реттеушінің меншікті капиталы банктердің және бүкіл қаржы жүйесінің қаржылық тұрақтылығында маңызды рөл атқарады. Өйткені бұл қаражат банк қызметінде болуы мүмкін шығындар мен тәуекелдерді жабатын қаржылық резервті құрайды.
ҚР 10 үздік екінші деңгейлі банктердің ішінде Bereke Bank реттеушінің меншікті капиталының өсімі бойынша көшбасшы: бір жылда бірден 87,1%-ға өсіп, 132,9 млрд теңгені құрады. Қаржы институты барлық пруденциалдық нормативтерді сақтайды: Bereke Bank меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттері: k1 — 10,6%, k1-2 — 10,6%, k2 — 10,7% болды.
Нормативтік меншікті капиталдың өсімі бойынша екінші орынды жылдық 35,4% өсіммен Kaspi Bank иеленді. ЦентрКредит банкі үздік үштікті жабады: бір жылда 34% артты. Меншікті капиталдың өсімі бойынша ЕДБ бестігіне Отбасы банкі (33,6% артты) және Еуразиялық Банк (30,6% артты) те кірді.
Жалпы, Қазақстанның банк секторында капиталдың жеткілікті резерві бар екенін атап өткен жөн. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) 19%-ға, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) — 21,6%-ға жетті, бұл жүйеде орта есеппен заңнамада белгіленген нормалардан айтарлықтай асып түседі және банктерге кез келген болуы мүмкін тәуекелдерді жабуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бұл көрсеткіш қысқа мерзімді динамикада да өскенін көрсетеді: мысалы, бір айда реттеушінің меншікті капиталы 1,7%-ға өсті.
Банктер үшін реттеушінің меншікті капиталдың жеткіліктілігі мен жоғары деңгейі бірқатар басымдықтарға ие:
• Қаржылық тұрақтылық. Меншікті капитал әлеуетті шығындарды жауып, банкрот ықтималдығын төмендететін және тұрақтылықты қамтамасыз ететін амортизатор ретінде әрекет етеді.
• Салымшылардың сенімі. Меншікті капиталдың жоғары деңгейі банкке сенімділік пен тұрақтылықты береді, бұл оның клиенттердің банкке деген сенімділігін арттырады.
• Несие мүмкіндіктері. Банктің халық пен бизнесті қолжетімді және тұрақты несиелендіруге қаншалықты дайын екені осы меншікті капиталдың деңгейіне байланысты.
• Дағдарыстарды жеңу. Меншікті капиталдың жеткілікті резерві бар күшті банктер макродеңгейдегі дағдарыс кезінде шешуші рөл атқарады. Олардың күйзелістерге төзімділігі бүкіл қаржы жүйесінің тұрақтылығына ықпал етеді.
• Өсу және даму мүмкіндігі. Қаржы институттарының инвестициялық мүмкіндіктері, олардың әртүрлі жобаларды қаржыландыруға дайындығы және жалпы бәсекеге қабілеттілігі олардың меншікті капиталының көрсеткіштеріне байланысты.